Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Қазақстан арқылы есірткі алып өтпек болған Грузия азаматы 11,5 жылға сотталды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 15:54

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Психотроптық заттарды алып өтпек болған Грузия азаматы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, Грузия азаматы ҚР ҚК 286-бабының 4-бөлімі және 296-бабының 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 11,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы тұлғаның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан үлкен көлемде заңсыз психотроптық заттарды, атап айтқанда метилендиоксиметамфетамин (МДМА, экстази) дәрісін өзінің жеке пайдалануы үшін алып өтпек болғанын анықтады. «Франкфурт-Мәскеу-Шымкент» әуе рейсіне тіркеу кезінде аталған азаматтың рәсемдеу үшін тапсырылған жүгінен заңсыз 6 дана экстази дәрісі табылды» делінген хабарламада.

Тәркіленген есірткі жойылып, Грузия азаматына қатысты сот үкімі күшіне енді.


Жоғары қарай