Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстан алғаш рет футбол фристайлынан әлем чемпионатына қатысуда

2019 жылдың 14 қараша 2019 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық Нұрсейіт Досмағамбет футбол фристайлынан әлем бәсекесінде алғаш болып ел намысын қорғауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы күндері (11-16 қараша) АҚШ-тың Флорида штаты, Майами қаласында футбол фристайлынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ол — бүкіләлемдік фристайл қауымдастығы (WFFA) 11 жыл бойы ұйымдастырып келе жатқан ең танымал спорттық шара. Жыл бойы 50 ел өкілдері чемпионаттың іріктеу кезеңінен өтті.




Биылғы әлем чемпонатына алғаш рет Қазақстаннан Нұрсейіт Досмағамбет шақырту алды. Жерлесіміз үш дүркін футбол фристайлынан ел чемпионы, биылғы Ресейде өткен ашық чемпионаттың жеңімпазы, сондай-ақ бірнеше халықаралық турнирдің жүлдегері.




«Мен бұл спортпен 8 жыл бойы айналысып келемін. Күніне 4-5 сағатымды жаттығуға арнаймын. 2015 жылы Джакартада өткен Азия чемпионатына қатысып, үздік 10 фристайлер қатарынан көріндім. Мен футбол фристайлынан әлем чемпионатында алғаш болып ел намысын қорғап жатқыныма қуаныштымын. Биыл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды бітірдім, бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемеймін. Қазіргі күні елордада футбол фристайлынан өз мектебімді ашып, 20-дан астам баланы баулудамын. Жалпы елімізде футбол фристайлы спорт түрінің дамығанын қалаймын», - деді Нұрсейіт Досмағамбет.










Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай