Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 369.01
EUR 416.39
RUB 5.53
CNY 53.18

Қазақстан 6 айда $12 млрд астам шетел инвестициясын тартты

2018 жылдың 23 қазан 2018 10:28 1287

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 6 айда 12 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясын тартты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Қазақстанның  үлесі шамамен 70 пайызды құрайды. Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6 пайызға артып, 7,5 трлн теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде 41,4, құрылыста 37,1 және өңдеу өнеркәсібінде 26,4 пайызға өсім байқалады», - деді министр.

Оның дерегінше, республикалық деңгейде инвестициялардың басым бөлігі Атырау, Астана, Алматы қалаларына тиесілі. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі жеке қорлардың үлесі 2018 жылдың 9 айында 73,1 пайызды құраған, ол 5,5 трлн теңге.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4 пайызға ұлғайып, 12,3 млрд долларды құрады. Атап айтқанда, өсім мына салаларда байқалды: тау-кен өнеркәсібі - 6,7 млрд доллар, сауда - 2,0 млрд теңге және көлік, қаржылық және сақтандыру қызметі, ақпарат және байланыс салалары», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

 

 

Жоғары қарай