Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қазақстан 42 мың тонна бензин экспорттады

2019 жылдың 12 қараша 2019 10:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері 10 ай ішінде мұнай өңдеу көлемі 14,17 млн тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 пайыз өсім көрсетіп отыр. Бірақ 10 айдың жоспарынан 1,2 пайыз төмен. Бұл ретте, осы жылдың 17 млн тонна көлемінде жоспарын 17,1 млн тоннаға дейін көтеріп отырмыз. Сонымен, көрсеткіш орындалатын болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, негізгі мұнай өнімдері – бензин, дизель отынын, әуе отынын және мазутты өндіру көлем 10,5 млн тоннаны кұрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 10,2 пайыздан асады.

«Автобензин өндіру көлемі 3,6 млн тоннаны құрады немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 12,5 пайызға өсуде. Автобензин өндіру көлемі еліміздің ішкі тұтынуын толық қамтамасыз етеді. Осы жылы шілде айынан бастап автобензин экспорты басталды, экспорт көлемі 42,6 мың тоннаны құрады. Жалпы, мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды», - деді бірінші вице-министр.

Оның дерегінше, биылғы жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек сауда бағасы 148,5 теңгені құрайды.

«Әуе отынын өндіру көлемі 524,5 мың тоннаны немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 182 пайызды құрап отыр. Дизель отыны 4,1 млн тонна өндірілді немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 108,1 пайызға артық. Биылғы жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда жазғы дизель отынының бөлшек сауда бағасы 193 теңгені құрайды. 11 қарашадағы жағдай бойынша ішкі нарықтағы жанар-жағармай қалдықтарының қоры туралы атап өтсем: Аи-92 бензині – 185,2 мың тонна, дизель отыны – 133,1 мың тонна», - деді М.Досмұхамбетов.

Жоғары қарай