Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

ҚазАқпараттың Youtube арнасында түрік музыканты Ирфан Гюрдалдың онлайн концерті өтеді

2020 жылдың 9 сәуір 2020 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚазАқпараттың YouTube арнасынан танымал түрік музыканты Ирфан Гюрдалдың онлайн концерті өтеді. Кешкі сағат 20:00-де танымал түрік әншісінің өнерін мына сілтемеден тамашалай аласыз.

Ирфан Гюрдал – Түркия Мәдениет және туризм министрлігі түркі әлемі музыка оркестрінің жетекшісі, танымал түркі музыкасын зерттеуші, түркі музыкасы орталығының жетекші қызметкері.

Айта кетейік, ҚазАқпарат YouTube арнасынан алдағы уақытта «Астана-Арқау» дәстүрлі музыка фестиваліне қатысушылардың өнерін онлайн режимде тамашалауды ұсынатын болады.



Жоғары қарай