Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

ҚазАқпарат тілшісі Аян Өрібаев «Үркер» ұлттық сыйлығын жеңіп алды

2019 жылдың 28 маусым 2019 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» ұлттық байқауында «Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» аталымы бойынша "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі Аян Өрібаев жеңімпаз болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» аталымына төрт адам ақтық үміткер ретінде тіркелген болатын:

Аян Өрібай - «ҚазАқпарат» ХАА

Ернар Алмабек - «Массагет.кз»

Ақжарқын Қыдырханова - «Бәрібар.кз»

Айгүл Бейсенбинова - «Вечерная астана»

Солардың арасынан әріптесіміз, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Аян Өрібай үздік деп танылды.

Еске салсақ, «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауында «Жыл репортажы», «Жылдың аналитикалық материалы», «Жыл журналистік зерттеуі», «Жыл сұхбаты» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталған болатын.

Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауының қорытындысы биыл ресми бекітілген БАҚ қызметкерлері күніне дөп келіп отыр.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай