Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Алтын қалам» байқауының жеңімпазы атанды

2019 жылдың 28 маусым 2019 16:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі күні бір топ журналисті және сала ардагерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шарада аймақ басшысы тілшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстың және тұтас елдің өркендеуіне қосып отырған зор үлестерін атап өтті.

«Өңірдің жылт еткен әрбір жаңалығын жазып, талай тағдырларға араласып жүрген журналистер қауымының еліміздің, облысымыздың дамып, өркендеуіне қосып келе жатқан үлестері орасан зор. Сіздер ауыр әрі қызықты мамандықтың иесісіздер. Кәсіби жоғары біліктілік пен өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артып, байланыс аясы кеңеюде», - деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.



null

Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында 100-ге жуық БАҚ тіркеліп, жұмыс істеуде. Сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың 28 меншікті тілшісі еңбек етуде.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өңірдің бірқатар тілшісі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.



null

Бұдан бөлек, шара барысында «Алтын қалам» жыл сайынғы облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Конкурсқа республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер бірнеше аталым бойынша қатысқан еді.

«ҚазАқпарат» ХАА-ның Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Аслан Оспанов «Жастар жылын үздік медиалық сүйемелдеу» аталымында жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табысталды.




null


null


null


null

Жоғары қарай