Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 361.66
EUR 409.51
RUB 5.41
CNY 52.36

«Kazakh Tourism» басшысы: Қазақстанның ұлттық туристік брендін жасаудың екі жолы бар

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 23:07 1071

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі туризмнің туы болар Қазақстанның ұлттық туристік брендін жасаудың екі жолы бар. Бұл туралы Астанада тілшілерге арналған баспасөз турында «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстанның ұлттық туристік брендін жасаудың қазір екі жолы бар. Біріншіден, қоғамның талқысына салып, БАҚ пен интернет арқылы дауыс беру жолымен немесе сарапшылардың дауысы арқылы анықтауға болады. Қазіргі таңда Қазақстанның туристік брендін анықтау жолдары талқыланып жатыр. Жуық арада белгілеуге тырысып жатырмыз. Себебі, бұл сұрақ көп талқыны талап ететін мәселе. Жауапкершілік өте үлкен. Мен осы күнге дейін Қазақстанның ұлттық туристік бренді болмаған деп айтар едім. Сондықтан, бұл жеті рет өлшеп, бір рет кесіп, кеңесіп анықтайтын шаруа», - дейді Ұлттық компания басшысы.

Жуық арада шешімін табар шаруаға қаншалықты қаражат керек? Бұл сұраққа Рашид Күзембаев жауап беруге асықпады.

«Қаражат көп кетпейді. Ешқандай миллиондаған ақша жұмсалмайды. Бұл брендті анықтаған кезде қаншалықты қаржы кеткенін нақты айтатын боламыз», - деді Рашид Күзембаев.

Айта кетсек, тілшілер қауымына арналған баспасөз турында Рашид Күзембаев Халықаралық альпинистер командасы елорданың 20 жылдығына орай Қазақстандағы 20 шыңды бағындыруды жоспарлап отырғанын атап өткен болатын. Шыңның 20-сы атаусыз болады. Бағындырылған соңғы шың «Астана» деп аталмақ. Бұл бағдарлармен халықаралық альпинистер жүріп өтеді. Олардың қатарында қазақстандық альпинистер де болады.

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Туризм,
Жоғары қарай