Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

«Қазақфильм» аумағында АЭА құрылады

2019 жылдың 1 шілде 2019 14:22 1976

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақфильмді» жабу ойымызда жоқ. Біз киносутдияны дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта киностудия аумағында арнайы экономикалық аймақ құру туралы сөз болып жатыр. Бұл мәселе әзірше талқылануда, ол министрліктің идеясы», - деді Заң қызметі департаментінің директоры.

Оның атап  өтуінше, министрлік «Қазақфильмнің» кино фабрика немесе өндірістік цех ретінде жұмыс істегендігін қалайды.

«Дегенмен, қалай болғанда да ақшаны бөліп отырушы болғандығын қаламаймыз. 2019 жылға дейінгі ахуалға тоқталсам, біз ақшаны «Қазақфильмге» жібереміз.  Ал олар ақшаны бөліп, өздерінде түсірілім жұмыстарын жүргізеді. Субмердігерлерді шақырып, өздерінің аумақтарында, өздерінің ақшасына, өздерінің құрал-жабдықтарына мәжбүрлейді. «Қазақфилшьм» төңірегінде үлкен сын да болды», - деді Күміс Сейітова.

Айта кетейік, бүгін «Еуразия» кинофестивалінің аясында Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының таныстырылымы болған еді.

 

 

Жоғары қарай