Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.26
EUR 425.63
RUB 5.68
CNY 55.61

«Қазақ жауынгері» атанған қандасымыздың қарсыласы жекпе-жектен бас тартты

2018 жылдың 16 желтоқсан 2018 17:53 652

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақ жауынгері" атанып кеткен Қытайда тұратын қандасымыз Елшат Нығметоллаұлының қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі кештің басты айқасы 52 келі салмақ дәрежесінде WBC Asia чемпионы «Қазақ жауынгері» атанып кеткен Елшат Нығметоллаұлы (15 жекпе-жек, 15 жеңіс) мен жеңіліп көрмеген әзербайжандық боксшы Фарид Әлиев (5 жекпе-жек, 5 жеңіс) арасында өтеді деп жоспарланған.

Алайда, жекпе-жекке шығар сәтте қандасымыздың қарсыласы айқасудан бас тартқаны белгілі болды.

 

 

Жоғары қарай