Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын тілдермен қатар тұруы керек - Мемлекет басшысы

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын тілдермен қатар тұруы керек. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» жолымен алға қадам басуда. Еңбекқорлық - әлем елдерін табысқа жетелейтін басты игілік. Сондықтан біз дүниежүзіне еңбекқор ұлт ретінде танылуымыз керек. Мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек пен масылдықтың ара-жігін ажырата білген жөн. Біз күнделікті өмірде ысырапшылдықпен өзгеге еліктеушіліктен арылуымыз керек. Ата-бабамыз дәріптеген қанағат пен үнемшілдікті жаңа буынның рухани тірегіне, асыл қасиетіне айналдыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті білімге деген құштарлық азаматтарымызды ғылым мен технология саласындағы зор жетістіктерге жетелеуі тиіс екендігін баса айтты.

«Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын, өнертапқыштар мен ғалымдар сөйлейтін тілдермен қатар тұруы керек. Сонда ғана ана тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай