Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Қазақ-өзбек шекарасында жүк көліктерінің «үймелеп» қалуына не себеп

2018 жылдың 16 тамыз 2018 19:33 662

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Б.Қонысбаев» - «Яллама» өткізу бекетінде жүк көліктерінің неліктен іркіліп қалғандығын ресми түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, мұндай жағдай ағымдағы жылдың наурыз айынан бері байқалып отыр.

«Өзбекстан Республикасының таяу және алыс шет елдермен сыртқы сауда-саттығының дамуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан Республикасы бағытындағы тауар ағымының айтарлықтай ұлғаюы байқалады. Осыған байланысты Қазақстан тарапынан «Б.Қонысбаев» өткізу бекетіне өткізу алдында 50-ден 100-ге дейінгі жүк көліктерінің жиналып қалуы басталды. «Б.Қонысбаев» бекетінің өткізу қабілеті тәулігіне 150 автокөлік құралын құрайды. Кеден бекеті күшейтілген тәуліктік режімде жұмыс істеуде және өзінің өткізу қабілеті шегінен асыра тәулігіне 250-ге дейін көлік құралын қабылдауда», - деп атап өтті ведомстводан.

Тамыз айының басында жүк көліктерінің кептелісі өзінің ең жоғары шегіне жетті. Осы уақыттағы көлік ағыны тәулігіне 215-ке дейін жүк көлігіне жетіп отыр.

«Осы аралықта техникалық себептерге байланысты өзбек тарабы тәуліктің өткізу шегін 100 бірлікке (оған дейін тәулігіне 130-140 жүк көлігін өткізген) дейін төмендетті. Аталған жайтқа орай 7 тамыз күні бұл мәселені шешу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетіне хат жолдады. Сонымен қатар шекаралас өңірлердің кеден ведомстволары басшыларының екіжақты кездесулері жүргізілді. Екі кеден бекетінің басшылары күн сайын көлік құралдарын өткізуді жеделдету мәселесі бойынша кездесу өткізуде», - дейді комитеттен.

Мұнан бөлек, Қазақстан тарапының «Б.Қонысбаев» бекетін жаңғырту және кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеп жатқандығы айтылған. Жоба жүзеге асқаннан кейін бекеттің тәуліктік өткізу қабілеті 1 мың көлік құралына дейін артатын болады. Құрылыс мерзімі - 19 ай.

«Соңғы аптада өзбек тараты автокөлік құралдарын өткізу мүмкіншілігін тәулігіне 150 көлікке дейін жеткізді. 16 тамызда олардың ҚР тарапындағы шоғырлануы 190 көлікке дейін қысқарды. Таяу уақытта ахуал тұрақталады», - дейді ведомстводан.



Көрнекі сурет

Жоғары қарай