Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қазақ мемлекеттік циркі «Шығыс циркі» атты халықаралық жаңа қойылым әзірледі

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 19:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 28 қыркүйектен бастап, Қазақ мемлекеттік циркінде «Шығыс циркі» атты халықаралық жаңа көрсетілім қойылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында цирк директоры Бақыт Бөкебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақыт Бөкебаевтың айтуынша, «Шығыс циркі» атты жаңа қойылымда цирктің барлық жанрлары қамтылған. Әуе гимнастикасы, акробатика, эквилибристика, иллюзия, күш атлетиксы, сайқымазақ және дрессура бар.






















«Қазақ мемлекеттік циркі жаңа бағдарлама әзірледі. Қойылымның ерекшелігі бұл халықаралық бағдарлама. Мұнда біз арнайы Куба мен Ресей елінен цирк шеберлерін шақырттық. Көрермендерді бас айналатын трюктер, таңғажайып сиқыр, жануарлар, риясыз күлкі күтуде»,- дейді Бақыт Бөкебаев.




«Шығыс циркі» халықаралық бағдарламасында қазақ мемлекеттік цирк әртістерімен бірге шетелдік цирк шеберлері де өнер көрсетеді.



















«Мен Алматы жұртшылығы алдында өнер көрсететініме өте ризамын. Мен бұл әсем қалаға екінші рет келіп отырмын. Әрине көрермендерді таң қалдырғымыз келеді. Мен сайқымазақпын маған ауыр жүк артылды. Кішкентай көрермендерімінің көңілінен шығу менің басты мақсатым. Бар өнерімді салуға әзірмін»,- деді ресейлік цирк әртісі Андрей Попыловский.

Қойылым ұзақтығы үзіліспен 2 сағат 20 минут.










Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Жоғары қарай