Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Қазақ күресімен айналысатындар саны 4 есеге өсті - Арман Шораев

2019 жылдың 5 қазан 2019 14:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Qazaq Kuresi федерациясының бұрынғы басшысы Арман Шораев ұлттық күрестің дамуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«2010 жылы «Qazaq Barysy» жобасын жаңадан бастағанда 20 мыңға жуық адам айналысатын. Бүгінде бұл көрсеткіш төрт есеге артты. Бұрын қазақ күресі дзюдо, еркін күрес сынды өзге спорттың көлеңкесінде еді. Ата-аналар біздің спорт түріне балаларын бергісі келмейтін. Бірақ, үлкен жүлделі жобалардың пайда болуы арқылы ұлттық күресті дамыта алдық», - деді Арман Шораев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақ күресінің жеңімпаздары Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров Ұлан Рысқұлов ел арасында өте танымал.

«Олардың жүлделі марапаттары да олимпиада чемпиондарынан кем емес. Сондықтан, біз өз спорттық ойынымызды өзге күрестермен теңдестіре алдық. Алда да маңызды жұмыстар күтіп тұр», - деді А. Шораев.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaq Kuresi федерациясының басшысы атанды.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай