Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 341.27
EUR 405.60
RUB 5.96
CNY 51.55

Қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

2017 жылдың 14 қыркүйек 2017 15:44 2022

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Балуандарымыз тұңғыш рет қазақ күресінен жабық Азия ойындарында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркменстанның астанасы Ашхабадта 17-27 қыркүйек аралығында өтетін V жабық Азия ойындарында қазақ күресінен үш салмақ дәрежесінде балуандарымыз ел намысын қорғайды.

Олар: Қасымхан Түленбаев (70 кг), Әділжан Ыстыбаев (90 келі) және Айбек Нұғымаров (+90 кг).

Осы орайда айта кетейік, төл күресімізді осы жарысқа қосу мәселесі өткен жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлері жөнінде өткен форумда шешілген болатын.

Ал биыл Бүкіләлемдік күрес одағының (United World Wrestling) президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмед әл-Фахад әл-Ахмет әл-Сабах ұлттық күресімізді 2017 жылғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу келісіміне қол қойды.

 

 

Автор: Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай