Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қайырымдылық қорының атын жамылып алаяқтық жасаған əйел ұсталды

2019 жылдың 19 қаңтар 2019 14:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда несие алып беремін деп елді алдаған əйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, əйел адамдарға белгілі қор арқылы несие рəсімдеп беремін деп уəде беріп келген. Осы қызметі үшін ол қомақты ақша алып отырған. Бірақ уəделерінің ешқайсысын орындамаған. Қазірдің өзінде күдіктінің 7 эпизодқа қатысы бары анықталды.

54 жастағы Алматы облысының тумасы қазір уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Қазір ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полиция əйелдің алаяқтық əрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 8-701-852-60-94; 8-747-200-08-56; 2-98-53-05 и 298-53-41 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Жоғары қарай