Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қайырбек Өскенбаев 2019 жылдағы баспана құрылысының жоспары туралы айтты

2019 жылдың 17 мамыр 2019 15:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АЭФ-2019 панельдік сессиясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысы бойынша жоспармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспана құрылысы көлемі бойынша елеулі өсім болғанына тоқталған ол «Егер де өткен жылы 12,1 млн шаршы метр жоспар (12,5 млн шаршы метр салынды) болса, биыл 13 млн шаршы метр салуды көздеп отырмыз. Осы орайда жоспар асыра орындалады деп ойлаймын, яғни 8-10 пайыз деңгейінде мерзімінен бұрын орындап жатырмыз», - деді.

Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысына елеулі көңіл бөлініп жатқанын да атап өтті.

«Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысы аясында ауқымды бағдарлама әзірленді. Осы ретте инженерлік коммуникацияларды тарту жолымен құрылысты ынталандырамыз. Мемлекет өз жүйесі бойынша барлық инженерлік коммуникацияларды жүргізіп, ел азаматтарына өздеріне жеке үй салуға мүмкіндік беріледі. Қазіргі кезде жалпы құрылыс көлемінде шамамен 35-40 пайызы жеке тұрғын үйге тиесілі. Бұл бағыт маңызды болғандықтан, оны ары қарай дамытуға ниеттіміз», - деді ведомство өкілі.

Қ. Өскенбаев әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін баспана салу мәселесі туралы айта келе: «Табысы төмен азаматтар үшін мемлекет тарапынан сатып алу құқынсыз жалға берілетін үйлер салынуда. Ал жалға берілетін үйде тұрғысы келмейтіндер үшін арнайы бағдарлама бар, яғни жылдық 2 пайыз мөлшермен 20 жылға есептелген. Оны биыл маусымды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, осы бағдарлама ел азаматтары тарапынан оң бағаланатын болады», - деді.

Жоғары қарай