Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қайыңды көлі 10 жылда 10 метрге төмендеді – маман

2019 жылдың 16 тамыз 2019 20:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр ғана 40 мыңнан аса турист арнайы барып, тамашалаған Алматы облысындағы Қайыңды көлі жоғалудың алдында тұр.

Сұлу табиғатты көздің қарашығындай сақтап жүрген парк қызметкерлері осылай дабыл қағуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Қайыңды көлі 10 жылдың ішінде 10 метрге төмендеп кеткен. Жетісудың жауһарын сақтап қалу үшін плотина салу қажет. «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері бұл мәселені көтеріп, талай мәрте үкіметке хат жолдағандарын айтады. Бірақ еш нәтиже жоқ. Ал Алматы облысындағы дәл осы Қайыңды көлінің ерекше әсемдігін тамашалау үшін туристер алыс-жақын шетелдерден де арнайы келуде.

«Бұл жерде демалушылар үшін ешқандай жағдай жасалмағанына қарамастан былтыр 40 мыңнан аса турист келсе, биыл олардың саны екі есеге өсті», дейді парк қызметкерлері.

«Қайыңды көлі 2010 жылдан бері 9 жылдың ішінде 10 метрге дейін төмендеп бара жатыр. 2011 жылдан бастап мемлекетке, Үкіметке, Парламентке талай мәрте хат жолдағанбыз. Егерде қайыңды көліне шұғыл шара қолданып, тоспа салынбайтын болса, Қайыңды көлінен біраз жылдардан кейін ажырап қалуымыз мүмкін. Онда табиғаттың тағы бір көрікті жерінен ажырап қалуымыз мүмкін»,-деді «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі туризм бөлімінің бастығы Хамит Ахметов.

Перевод Самал Қабышева
Басты сөздер: Экология, Алматы облысы,
Жоғары қарай