Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.40
EUR 427.36
RUB 5.86
CNY 56.08

«Қайсардың» құрамын 18 жастағы футболшы толықтырды - Қызылорда облысы

2019 жылдың 22 ақпан 2019 02:42 881

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы қатарына 18 жастағы жергілікті футболшы Бекзат Құрманбекұлы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекзат Құрманбекұлы «Қайсар» командасының түлегі саналады. Былтыр ол бірінші лигада ойын көрсететін «Байқоңыр» командасы сапында жасыл алаңға шықты. Аталмыш клуб сапында бірінші лигада 22 мәрте жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасын 1 мәрте дәл көздей білді. Сондай-ақ, ол «Қайсардың» жастар құрамы сапында 9 мәрте ойнады. 

Сондай-ақ, биыл «Қайсардың» құрамында алғаш рет жергілікті футболдың түлегі шабуылшы Шоқан Абзалов та доп тебеді. Ол бұған дейін «Байқоңыр» командасы сапында 16 кездесуге қатысып, 6 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.



Биыл «Қайсардың» құрамына жергілікті футболшылар көптеп тартылды. Шабуылшы Өркен Махан да биыл қызылордалық клуб жейдесін киеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Қайсар» 21 ақпанда Түркияда оқу-жаттығу жиынының соңғы ойынын өткізді. Онда Түркіменстанның «Алтын асыр» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай