Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Қай елдің азаматтары Қазақстан шекарасынан заңсыз өтуге тырысады

2019 жылдың 24 маусым 2019 16:12 1068

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтетіндерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік шекарамен қатар, шекара кеңістігін бұзатындар кездеседі. Олар  еліміздің миграциялық заңнамасын да бұзады.

Осы орайда тілшілер көбінесе қай елдердің азаматтары қазақстандық шекараны бұзатындығын сұрады.

«Бұл ретте Орталық Азия өңірінің барлық елдерін айтуға болады. Азаматтар табысы жоғары жұмысты іздеу мақсатында басқа елге өту үшін мемлекеттік шекараны транзит ретінде пайдаланады. Сондықтан басқа мемлекетке жету тұрғысында транзит ел ретінде олар Қазақстан арқылы өткенді жиі қарастырады», - деді Ділманов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

«Бұл мәселені біз бақылауда ұстап тұрмыз. Біз адамдарды ұстаумен қатар, есірткі заттарын да анықтаймыз. Сонымен қатар, Каспий теңізінде браконьерлікпен күресте бірлескен жедел алдын алу шаралары да ескерілген. Биылғы көктемде біз судан 400 шақырымға жуық түрлі браконьерлік заттарды (ау мен торлар) алып шықтық. Осы орайда миллиардтаған теңгеге теңіздегі биоресурстарды сақтауға мүмкін болды», - деді Шекара қызметінің директоры.

 

 

Жоғары қарай