Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қатты күйіп қалған тараздық баланың беті бері қарады

2018 жылдың 29 маусым 2018 22:34 74

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өртенген бензинге күйіп қалған 6 жасар Максим Легостаевтың емдік шаралары ойдағыдай жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Сәуле Мамашеваның сөзіне сенсек, Максим Легостаев 12 күннен бері «Бас, мойын, арқа және екі қолын жалын шарпып, термиялық күйік шалу, екінші-үшінші дәрежелі күйік» диагнозымен ауруханада стационарлық ем қабылдап жатыр.

«Пациент диагностиканың клиникалық хаттамасына сәйкес және тегін медициналық көмек аясындағы емдік-диагностикалық шаралар кешенін толық көлемде алып жатыр. Қазір баланың жағдайы тұрақты, күйік аумағы денесінің 18%-ынан 12%-ға дейін азайды», - дейді бас дәрігер.

Бүлдіршіннің анасы Вера Легостаева ұлымен бірге ауруханада жатыр. Ол балаға күтім жасауды өз қолына алған.

«Дәрігерлер баламды емдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Емдеу процесіне көңілім толады. Ауруханаға келіп түскеннен бері Максимның жағдайы жақсарды. Максим белсенді, тәбеті жақсы. Палатада өз бетінше жүріп-тұруға талпынып жүр. Дәрігерлер мен бүкіл медициналық қызметкерлерге қамқорлығы үшін алғыс айтамын», - дейді Вера Легостаева. 

Айта кету керек, Максим Легостаевтың ата-анасы Тараздағы емдік шараларға көңілі толатынын айтып, баланы Астанадағы орталық клиникаға ауыстыруға қарсы болған еді. 

Еске сала кетейік, 17 маусым күні Тараздың №2 қалалық ауруханасына денесін күйік шалған 6 жасар бала келіп түскен болатын. Дәрігерлер балаға I және III дәрежелі күйік (денесінің 18%) деп диагноз қойған. Жәбірленушінің сөзіне сенсек, ол көршінің 7 жасар балаларымен бірге тез тұтанатын сұйықтықпен ойнап жүріп, белгісіз жағдайда күйіп қалған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

 

Жоғары қарай