Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды

2019 жылдың 16 тамыз 2019 10:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президентінің қатысумен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім келген. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясында оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады. Сонымен қатар мұғалімдер білім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беру жүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылайды.

Жиын аясында отандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.

Айта кетерлігі, 2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді. Сонымен қатар биыл 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнін оқи бастайды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, оқушылардың бұл пәнді оқуы оларға болашақта мамандық таңдауына септігін тигізеді.

Жоғары қарай