Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз мәслихатының толық видеосы жарияланды

2019 жылдың 11 маусым 2019 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз мәслихатының видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз-конференциясында қоғамды толғандырып жүрген бірқатар мәселелер бойынша жауаптар берілді», - деп жазды Берік Уәли.

Атап өтетін жайт, бұл шараға 66 бұқаралық ақпарат құралынан 107 өкіл келіп қатысты. Оның 44-і отандық, 22-сі шетелдік БАҚ болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде 30-ға жуық сұрақ қойылды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының БАҚ өкілдерімен өткен кездесуі 1 сағатқа жуықтады. Көпшіліктің сұрауы бойынша, баспасөз мәслихатының монтаждалмаған толық нұсқасын ұсынамыз» делінген хабарламада.

Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: БАҚ, Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай