Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айтты

2019 жылдың 20 шілде 2019 12:05 339

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін» делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Жапонияның Киото қаласындағы Kyoto Animation Co. анимация студиясынан шыққан өрт салдарынан 33 адам қаза тапқан болатын.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай