Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шұғыл шаралар әзірлеуді тапсырды

2019 жылдың 17 маусым 2019 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.

«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жоғары қарай