Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Жастар орталығын аралап көрді

2019 жылдың 23 наурыз 2019 12:45 398

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға іс-сапар кезінде жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Бұдан кейін Мемлекет басшысының сапары  Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланған.  



null 

null 

null 

Жоғары қарай