Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековты туған күнімен құттықтады

2019 жылдың 16 қараша 2019 13:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президентітң баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгіме кезінде Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 5-отырысына дайындық барысы қарастырылды.

Жоғары қарай