Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жарылыс турасында: Террорға қарсы күш-жігерді біріктіру керек

2019 жылдың 21 сәуір 2019 14:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Елдегі шіркеулер мен қонақ үйлердегі жарылыс салдарынан 160-тан астам адам көз жұмды, жарақат алғандар да өте көп. Бұл жағдайға байланысты қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Терроризмде шекара жоқ. Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күш-жігерін біріктіруі керек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

21 сәуірде Шри-Ланка астанасы Коломбода бір мезгілде үш қонақ үй мен бір шіркеуде, сондай-ақ ел астанасының маңында орналасқан Негомбодағы екі шіркеуде жарылыс болды. Соның салдарынан 160-тай адам ажал құшып, 300-ге тарта адам жарақат алды.

Жоғары қарай