Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

2019 жылдың 31 қазан 2019 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар пойызында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

– Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойыз өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша 73 жолаушы мерт болған.

Жоғары қарай