Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды

2019 жылдың 15 сәуір 2019 18:14 840

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш ел халқына жылы қабылдаулары мен қонақжайлықтары үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке және бүкіл өзбек халқына жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін алғысымды білдіремін», - деп жазды Қ.Тоқаев Инстаграмдағы парақшасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік сапар барысынан бірқатар фотосуреттермен бөліскен.

Ал ҚР Президентінің баспасөз қызметінің басшысы Берік Құрманғали Фейсбуктегі парақшасында Қ.Тоқаев өзбекстандық әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын жазды.

«Қазақ xалқы «Өзбек өз ағам» дейді. Өзбек xалқы «Қазақтан жолдасың болса, жолда қалмайсың» дейді. Бауырлас екі елдің достығы, ынтымақтастығы арта берсін! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке, бүкіл өзбек халқына жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін алғысын білдірді және Өзбекстан басшысын оған ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды», - деп жазды ол.

Айта кетейік, 14-15 сәуір күндері Қазақстан басшысы Қ.Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен аталмыш елде мемлекеттік сапармен болды. Оның қорытындысы бойынша қос ел Президенті Бірлескен мәлімдеме жасады. Бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай