Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты

2019 жылдың 20 сәуір 2019 18:03 802

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының ауыр қазасына байланысты көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қайта қауышуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

 

 

Жоғары қарай