Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс айтты

2019 жылдың 12 тамыз 2019 19:14 126

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасы арқылы өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс білдірді.

«Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін»,-деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен 4 сенатордың өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатына бірқатар жаңа депутаттар тағайындалып, бірқатары қайта тағайындалды.

Жоғары қарай