Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті және Мажарстанның Премьер-министрімен кездеседі

2019 жылдың 19 сәуір 2019 10:40 854

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келеді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

 

 

Жоғары қарай