Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа комиссиясының төрағасына табыс тіледі

2019 жылдың 20 шілде 2019 14:42 212

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Еуропа комиссиясының төрағасы болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында Еуропалық одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен ішкі және сыртқы саясатта жаңа жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

«Келешегі бар әртүрлі салаларда Сізбен бірлесіп жұмыс істейтінімізге үміттенемін және алдағы жылдардағы маңызды бастамаларымызды жүзеге асыруда Сіздің тарапыңыздан қолдау болады деп санаймын», – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссия төрағасына амандық, жауапты қызметіне мол табыс тіледі.

Жоғары қарай