Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі заң үстемдігі туралы айтты

2019 жылдың 27 сәуір 2019 22:47 872

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әділдік - барлық азаматтардың қызметтік жайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан заң алдында тең болуы. Павлодар облысында қоғамдық өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы фейсбук парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Берік Уәли бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының қоғамдық өкілдерімен кездесу барысында сот жұмыстары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері туралы сөз қозғағанын хабардар етті.

«Әділдік - барлық азаматтардың қызметтік жайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан заң алдында тең болуы. Заңның үстемдігі деген осы. Заң үстемдігі соттардың ісіне араласпауды қарастырады. Алайда жасалған құқықбұзушылық бойынша олардың (соттардың) шешімдерін кейде азаматтар біртүрлі және ақылға қонымсыз деп қабылдайды», - дейді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен бүгін Павлодар облысына келген болатын. 

 

Жоғары қарай