Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Қасым-Жомарт Тоқаев экспорттық жобалардың нақты тізімін айқындауды тапсырды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 14:46 605

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметі мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға экспорттық жобалардың нақты тізімін айқындап, оларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

 «Үкімет пен «Бәйтерек» холдингіне экспорттық жобалардың нақты тізбесін айқындап, оларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге тапсырма беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде.

«Халықаралық сапа стандарттарын енгізетін және жаңа нарықтарға шығатын кәсіпорындар бірінші кезекте мемлекеттік қолдауды алуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Жоғары қарай