Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесті

2019 жылдың 4 шілде 2019 17:11 694

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ірі қаржы институттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы банктің біздің елдегі көп жылғы жұмысына жоғары баға берді.

- Сіздердің Қазақстандағы жұмыстарыңыздың басталған кезін жақсы білемін және Сіздің алдыңыздағы басшылармен де таныспын. Банк біздің елімізде табысты жобалар жүзеге асырды. Бұл мақтауға тұрарлық жұмыс деп ойлаймын, - деді Қазақстан Президенті.


null 

Сума Чакрабарти Қазақстанның ЕҚДБ әріптестерінің ішіндегі ірі бестікке кіретінін айтып, жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.  



null 

 

Жоғары қарай