Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Қасым-Жомарт Тоқаев CCTV телеарнасына сұхбат берді

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Беік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды»,-деп жазды ол.




Сондай-ақ, оның жазуынша, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді. Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.





Жоғары қарай