Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Ақорда» резиденциясында өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысына Аустралия елшісі Грейм Михан, Кипр елшісі Андреас Зинонос, Конго елшісі Давид Мадука, Мьянма елшісі Ко Ко Шейн сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Президенті шетелдік дипломаттарды қызметтеріне ресми кірісуімен құттықтап, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің игілікті миссиясына табыс тілеп, олардың Мемлекет басшылары мен Үкіметтеріне өзінің сәлемін жолдады.




























Жоғары қарай