Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентімен кездесті

2019 жылдың 1 қазан 2019 21:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ереванда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен достық кездесу өтті. Оның екіжақты байланыстарымызды дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймын. Бірлескен жұмыстарымыз Қазақстан мен Беларусьтің ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге ықпал ете береді деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.




Армения, Ереван қаласыЖоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында өткен кездесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Сауда-экономикалық қатынастар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға баса мән берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған сапарының маңыздылығын атап өтті.

– Біз сіздің Қазақстанға ресми сапарыңызды күтеміз. Оған жан-жақты дайындалып жатырмыз. Біздің мемлекеттер арасындағы қатынас стратегиялық сипатта құралған. Қазақстан беларусь халқының тарихын, мәдениеті мен менталитетін құрметтей отырып, сіздерге ерекше ықылас танытады,– деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Беларусь Президенті алдағы Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынын атап өтті.

– Мен сізге ЕАЭО аясында бірлесе жұмыс істегеніміз үшін ризашылығымды білдіремін. Біздің көзқарасымыз бір. Қазақстанда сындарлы ұстаным бар. Сондықтан өзара ынтымақтастығымызды дамытуға дайынбыз. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастың тамырын тереңдете түсуге ниеттіміз, – деді Александр Лукашенко.

Жоғары қарай