Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жарақаттан қайтыс болған арыстық баланың отбасына көңіл айтты

2019 жылдың 3 тамыз 2019 13:19 301

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жарақаттан қайтыс болған арыстық баланың қазасына байланысты оның ата-анасы мен туған туыстарына көңіл айтты.

«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!»,-деп жазды Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында.

Кеше, 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы оқиға кезінде көлік астына түсіп, елрдадағы №2 ауруханаға жеткізілген Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растады.

Оған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аян Шәріпбаевты шетелдік мамандар да қарағанын, алайда жағдайы нашар жатқанын мәлім еткен болатын.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай