Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жатқан ауруханаға барды

2019 жылдың 25 маусым 2019 01:07 887

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайлары туралы баяндалды. Президент төтенше жағдай болған аймақта дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тезірек жазылып кетулерін тіледі»,-деп жазды Б. Уәли.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Жоғары қарай