Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, сыншы Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айтты

2020 жылдың 30 наурыз 2020 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді.
Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!»,-делінген жеделхатта.


Жоғары қарай