Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау халықаралық теңіз сауда портына барды

2019 жылдың 11 сәуір 2019 21:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар барысында Мемлекет басшысына Ақтау теңіз портының қазіргі жұмыстары, Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын арттырудың перспективалары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы шипажай аймағының инфрақұрылымын дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік міндеттерді толыққанды орындауға, соның ішінде жүк тасымалы операцияларын жүргізуге, кемелерді айлаққа қоюға және қызмет көрсетуге септігін тигізетін порттың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.








Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Ақтау халықаралық теңіз сауда портының жаһандық көлік дәлізінің қиылысында орналасуы, жылына 17,7 миллион тонна құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік беретінін баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кемесі көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз күштерінің арнайы техникасымен, қару-жарақтарымен және киім үлгілерімен танысты.


null








Жоғары қарай