Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды

2019 жылдың 26 сәуір 2019 19:07

ЖИДЕБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Жидебай ауылындағы Абайдың мұражай-үйіне және «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым ету үшін Жидебай жеріне арнайы келгенін атап өтіп, Абай мекен еткен Жидебай қыстауы - ел руханияты үшін айрықша маңызы бар қастерлі орындардың бірі екенін айтты.


null

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың біртауар перзенттері Абай мен Шәкәрімнің рухына арнап құрбандық шалып, құран бағыштады», - деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

«Жидебайда қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым еттім. Дана Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. Негізгі мақсат - Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында.




null


null


null

Жоғары қарай