Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Қасым хан туралы 75 сериялы фильмді түсіру басталады- министр

2019 жылдың 20 маусым 2019 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жақын арада 75 сериялы Қасым хан туралы фильмді түсіруді бастаймыз. Бүгін халықпен есептік кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдің барлық жетекші музей-қорықтарының аумағында визит-орталықтардың құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» визит-орталықтары ашылатын болады. Жақын арада «Есік», «Ордабасы», «Шілікті», «Берел» және «Әзірет Сұлтанда» визит-орталықтардың құрылысы салынады», - деді министр.



null

Оның атап өтуінше, Түркістан қалашығын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

«Әзірет-Сұлтан» ЮНЕСКО-ның ескерткіші екенін ескере отырып, ақпан айында қалашықты дамыту жоспары Париж қаласында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұсынылды. Сонымен қоса, әсерді бағалау үшін АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Канаданың, Германияның жетекші сарапшылары шақырылды. Осы жылы күзде Күлтөбе қалашығының алғашқы экспозициялық бөлігін ашу жоспарлануда. Елбасының тапсырмасы бойынша тағы бір ірі туристік жоба ретінде ортағасырлық «Отырар» қалашығын қалпына келтіру жұмыстары басталды», - деді А. Райымқұлова.

«Жақын арада біз 75 сериялы Қасым хан туралы фильмді түсіруді бастаймыз, Елбасының арнайы шақыруымен келген, фильмге сценарий жазған танымал түрік режиссері Гюнай Метин тарихи орындарды аралады. Осы картинаның арқасында біздің ежелгі Түркістан, Отырар, Сарайшық, Сауран және басқа да жерлеріміз орасан зор танымалдылыққа ие болып, миллиондаған туристер келетін орынға айналатынына сенімдімін», - деді министр.

Жоғары қарай