Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Каспий итбалықтарының санағы неліктен кейінге қалдырылды

2019 жылдың 17 сәуір 2019 22:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қашаған теңіз кен орнын игерумен айналысатын НКОК компаниясы Каспий итбалықтарын санап шығу науқаны неліктен 2020 жылға қалдырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компания Бүкілресей балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықта Солтүстік Каспийдегі итбалықтардың санын анықтау бойынша бірлескен зерттеулерді бастамақ болған. Ресейдің зертхана-ұшағы жұмылдырылуы тиіс еді. Екі мемлекеттің бақылау органдарынан оның ұшуына, итбалықтарды есептеудің бірыңғай мультиспектралды әдісі бойынша авиатүсірілімдерді орындауға қажетті рұқсаттардың барлығы алынған. Бұл әдіске сәйкес, каспийлік итбалықтар популяциясының санын есептеуді теңіздің ресейлік және қазақстандық аумақтарында бір мезгілде жүргізу қажет етіледі. Екі тарап та зертханалық ұшақта жұмыстарды жүргізуге дайын болды. Алайда, зерттеулер басталар алдында әуе қозғалысын басқару диспетчерінен жұмыстар тоқтатылатыны туралы хабар келді. Оған себеп - Каспийдің қазақстандық акваториясында жоспардан тыс көпкүндік оқу-жаттығулардың басталуы. Қыс жылы болып, Солтүстік Каспийдегі мұз жамылғысының жылдам жұқаруы және итбалықтардың ерте төлдеуіне байланысты, зерттеуді кейінге шегеру мүмкін болмады», - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.

Компанияның хабарлауынша, бірыңғай мультиспектралды әдіспен авиатүсірілімдерді өткізу келесі жылдарға қалдырылды.

Автор: А. Соколов

Басты сөздер: Аймақ, Атырау облысы, Каспий,
Жоғары қарай