Ауа райы
Нұр-Сұлтан 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 21:07 1055

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жастағы жасындай жарқылдаған кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегін «Qazaqstan» және «QazSport» арналары тікелей эфирде көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана Арланс» бокс клубының Фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

«Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың чемпиондық белбеу үшін жекпе-жегі отандық арналардың тікелей эфирінен көрсетіледі. 26 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде, отандасымыз Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады. 20 жастағы Садриддин Ахмедовтың қарсыласы 22 жастағы мексикалық боксшы Абрахам Хуарес (12-1, 4 КО) болады. Бірінші орта салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған», - делінген «Астана Арланс» бокс клубының Фейсбук парақшасында.

Айқасты Астана уақыты бойынша 27 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де отандық «Qazaqstan» және «QazSport» арналары жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, әуесқой бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионы Садриддин қазақстандық боксшылардың арасында, кәсіпқой бокста 21 жасқа дейін жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуіне таласуға мүмкіндік алған бірінші боксшы болмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) ел тарихында бокстағы тарихи жетістігіне бір қадам қалғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай