Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 пайыздан астам өсті - Қаржы министрлігі

2019 жылдың 20 маусым 2019 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,2 миллионға жетті. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2018 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстыру кезінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ауқымында орта және шағын бизнестің 2 мыңға жуық жобасына қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлік негіздеріне 23 мың адам оқытылды. 2019 жылдың 1 қаңтарында жұмыс істеп тұрған орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,2 миллионға жетті. 2018 жылдың басымен салыстырғанда, ол 8,3 пайызға өсті», - деді Смайылов.

Бұдан бөлек ол «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 42 мың адам техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғанын атап өтті.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 28 мың кәсіпкер оқудан өтті.

Микрокредит алушылардың есебінен қосымша 12,6 мың жұмыс орны ашылды.

«Мемлекетті дамыту үшін маңызды роль атқаратын салалардың бірі - ол білім саласы. Өткен жылы осы сала 474 млрд теңгеге қаржыландырылды. 2018 жылы балабақшалардың саны 10 314-ті құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 551-ге көбейді. Ол 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 95,2 пайыз деңгейінде қамтуға мүмкіндік берді. 62 мектеп пайдалануға берілді», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласына 1 трлн 71 млрд. теңге бөлінді. Оның 955 млрд теңгесі халықты кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қаматамасыз етуге бағытталды. Нәтижесінде, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 4,3 пайызға төмендеді; қатерлі ісіктерден өлім 2,5 пайызға азайды. 4 млн 905 мың адам вакцинациядан өтті.

Жоғары қарай