Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Кәсіпкерлердің салықтық даулары сотқа жетпей шешіліп жатыр

2019 жылдың 15 наурыз 2019 18:25

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімдіктер жыл соңына дейін жер учаскелері туралы ақпараттты цифрландыруы керек. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, бүгінде кәсіпкерлердің проблемалы мәселелерін шешуге еліміздің әрбір өңірінде құрылған Бизнестің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер көмектеседі. Сонымен қатар Қаржы министрлігінің жанындағы апелляциялық комиссия да олардың салықтық дауларын сотқа жеткізбей шешуге септігін тигізіп отыр. Осы орайда төралқа төрағасының айтуынша, бизнестің негізгі проблемаларын, оның ішінде жемқорлық көрінісі мәселелерін түсінуге өңірлердегі скринингтер көмектеседі.

«Біз қазірдің өзінде ілкі режимде Түркістан, Ақтөбе және Атырау облыстарында скрининг жүргіздік. Жылдың соңында барлық өңірде скрининг жүргізілетін болады. Осылайша, ауылдардағы инфрақұрылымдарды одан ары дамыту үшін әрбір елді мекендегі халық пен кәсіпкерліктің проблемалы мәселелерінің өзекті тізімі айқындалады»,- деді Тимур Құлыбаев бүгін Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда.

Төралқа төрағасының дерегінше, соңғы жылдары бизнес үшін рұқсат саны 70 пайызға қысқарып, талап саны 60 пайызға кеміген. Бақылаушы органдардың қысымы 20 пайызға төмендеп, тексеру мерзімі 2 есеге қысқарды. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру оң әсерін беріп отыр. Нәтижесінде экономика саласындағы қылмыстық істердің тіркелуі 5 есеге азайды.

Сондай-ақ, ол бос жер учаскелері туралы ақпараттардың ашық еместігі жемқорлықтың тағы бір көзі екендігін айтты.

«Қорытындысында жер пайдаланылмайды, экономикалық процестер дамымайды, мемлекет бюджетке төлемдер мен салықтар толық ала алмайды. Әкімдіктердің мәліметтері бойынша 2018 жылы сауда арқылы шамамен 1,1 мың учаске сатылды. Бұл жалпы санның не бәрі 6 пайызы ғана. Ағымдағы жылы әкімдіктерден жердің қолжетімділігі туралы ақпараттарды цифрландыру жұмыстарын аяқтауды сұраймыз», - деді ол.

Жоғары қарай